25
апрель
2023
«Ғаламтордың орнына кітап» атты акция
«28 ЖОББМ» КММ кітапханасында 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Ғаламтордың орнына кітап» атты акция аясында диспут өтті.Оқушылар кітап оқудың маңыздылығы, оның ғаламтордан артықшылықтары туралы ойларын ортаға салды. Іс-шараның спикерлері Қуантхан М.О. жетекшілігімен жүргізілетін дебат клубының мүшелері Енсебаев А., Беркимбаева А., Несипбаев А. Ойталқыға қатысушылар барлығының «алтын аралығын» ұстану керек деген қорытындыға келді. Барлығынан 9 «Д» сынып оқушысы Рахматуллин Т. сөз саптауы,ойы қызықты болды. Бұл акция ақпараттық технологияның дамыған ғасырында да кітаптың маңызы зор екендігін аңғартады.
Ұйымдастырушы: кітапхана меңгерушісі Кусаинова Ж.Г.





Ұйымдастырушы: кітапхана меңгерушісі Кусаинова Ж.Г.





