21
сентябрь
2022
Әдеби сағат «Әлем таныған Әуезов»
Мақсаты: Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың пікірлерін білу. Өнерге айналған өмірді танып білу, өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйрету.
10»Б» сынып оқушыларымен «Әлем таныған Әуезов» атты әдеби сағат өтті. Шараның ұйымдастырушы қазақ тілі мұғалімі Мурзабаева М.Т. және кітапхана меңгерушісі Кусаинова Ж. Г.. Әдеби сағатта Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметі, шығармашылығынан мағлұмат бере отырып, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқырмандардың білімдерін жүйелеу, қызықты да қиын тағдырға толы жазушы өмірін келешек ұрпаққа үлгі ету мақсаты көзделді.
«М.Әуезовтың туғанына 125 жыл» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, әдеби шолу жасалды.