Патриоттық сағат «Мен- өз елімнің патриотымын»
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні кітапхана меңгерушісі Кусаинова Ж.Г. және 5«Д» сыныбының сынып жетекшісі Жаныбекқызы М. ұйымдастыруымен «Мен-өз елімнің патриотымын» атты патриоттық сағат өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Отанын сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге, тарихын білуге және жан-жақты тұлға тәрбиелеу. Іс-шара аясында оқушылармен "Полиглот"викторинасы өтті. Сонымен қатар, оқырмандар "Менің елім-Қазақстан" көрмесінде ұсынылған әдебиеттермен танысты.